Бағалау жүйесі – мемлекеттік органның тиімділігі және оған әсер ететін факторлар туралы ақпарат жинауға бағытталған іс-шаралар кешені.

Бағалау жүйесінің міндеті мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін бірқатар нақты көрсеткіштерге бөлуден және оның жұмысын жыл өткен сайын осы көрсеткіштер бойынша қадағалаудан тұрады. Бұл ретте, жұмыс тиімділігі көрсеткіштері әртүрлі мемлекеттік органдар үшін – салалық министрліктер, агенттіктер, облыс әкімдіктері үшін бірыңғайлануы тиіс. Мысалы, құзырет салаларындағы айырмашылыққа және басқару деңгейіне қарамастан, кез келген тиімді мемлекеттік орган алдында тұрған стратегиялық мақсаттарды толық көлемде орындау, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, өз персоналын дамыту және реформалардың іске асырылуын қамтамасыз ету тиіс.

Жиі
қойылатын
сұрақтар

Бағалау кестесі

Әдіснама

Бағалау нәтижелері