Биыл Қазақстан экономикасының негізгі салаларының өсімі байқалды

Биыл Қазақстан экономикасының негізгі салаларының өсімі байқалды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша экономиканың негізгі салаларының даму нәтижелері қарастырылуда.

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өнімді шығару өсіміне 11 аймақта қол жеткізілгенін атап өтті, ал өткен жылдың осы кезеңінде мұндай өсім 8 аймақта байқалған еді. Өсімнің жоғарғы қарқыны Шығыс Қазақстан облысында - 4,9%, Қарағанды облысында - 4,8%, Ақмола облысында - 4,2% байқалды. 

Бұдан басқа, жалпы еліміз бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімі 4,5%-ды құрады, бұл өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің 5,9%-ға артуы есебінен мүмкін болды. Мал шаруашылығы өнімін шығару 2,6%-ға артты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі тұрғын үй құрылысы және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру есебінен 7,5%-ға артты. Құрылыс көлемінің артуы 8 аймақта байқалды. Аса жоғары құрылыс қарқыны Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында байқалды.

primeminister.kz


Жарияланған: 20.12.2016 | 12:59

Жаңартылған: 23.12.2016 | 13:01

Белгі: шығару, Қуандық Бишімбаев, өнеркәсіптік өнім

Категориялар: Стратегиялық жоспарлау

Көрілді: 7

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

Авторландыру

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image