Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар ағымын арттырды

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар ағымын арттырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасындағы инвестициялық белсенділіктің жай-күйі қарастырылуда.

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев экономикалық өсімнің оң қарқынын ұстап тұрудың басты шарттарының бірі инвестициялық белсенділікті арттыру болып табылатынын атап өтті. Биылғы 11 ай ішінде инвестициялар көлемі 4,7%, 6 трлн теңгеге дейін өсті. Өсімге «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және ИИДМБ, дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясындағы индустриалдық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру ықпал етті.

Сонымен қатар, жыл басынан бері тікелей шетелдік инвестициялардың оң динамикасын атап өткен жөн. Мәселен, қаңтар-қыркүйек айларында тікелей шетелдік инвестициялардың таза ағымы 12,1 млрд долларды құрады, бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 4,4 есеге жоғары.

primeminister.kz


Жарияланған: 12.12.2016 | 12:26

Жаңартылған: 23.12.2016 | 12:28

Белгі: шетелдік инвестициялар, ҰЭМ

Категориялар: Стратегиялық жоспарлау

Көрілді: 5

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

Авторландыру

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image