«А» корпусынан ауыртпалықсыз «Б» корпусына өтуге мүмкіндік берілмек

«А» корпусынан ауыртпалықсыз «Б» корпусына өтуге мүмкіндік берілмек

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актісіне өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Комитет төрағасы Серік Ақылбайдың атап өтуінше, заң жобасымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңына белгілі бір мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конурс жүргізілгеннен кейін жалпы конкурс өткізу құқығын беру арқылы конкурстық процедураларды өткізу мерзімін қысқарту көзделеді.

«Қазіргі уақытта көптеген адам емтихан, тест тапсырып, «А» корпусына өтіп отыр. Бірақ, өкінішке орай әр уақытта да ықылас пен мүмкіншілік сай келе бермейді. Біреулер ауданда емес министрлікте жұмыс істегісі келеді, кері жайттар да орын алуы мүмкін. Сондықтан «А» корпусында мемлекеттік қызметшілердің саны артып кетті. Бұған қоса, тепе-теңсіздік орын алып «Б» корпусында өте көп бос орын қалып отыр. Сондықтан бұл заң «А» корпусындағылардың ешқандай ауыртпалықсыз «Б» корпусына өтуіне мүмкіндік беру үшін қабылданбақ», - деді Серік Ақылбай. 

www.inform.kz


Жарияланған: 05.12.2016 | 18:16

Жаңартылған: 23.12.2016 | 18:19

Белгі: А корпусы, Мемқызмет

Категориялар: Кадр саясаты

Көрілді: 7

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

Авторландыру

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image