Сенат мемлекеттік қызметке тұруды жеңілдететін заң жобасын мақұлдады

Сенат мемлекеттік қызметке тұруды жеңілдететін заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат –

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, жаңа заң бойынша мемлекеттік органда лауазым босаса,ең алдымен сол меморганның арасында іріктеу жүргізіледі. Егер олардың ішінен үміткер болмаған жағдайда, іріктеу барлық орган қызметкерлері арасында жалғастырылады. Осы кезеңде де жеңімпаз анықталмаса, онда жалпы конкурс жарияланады»,-деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров заң жобасы бойынша баяндама жасау барысында.

Оның сөзіне қарағанда, жыл басынан қолданысқа енген заңды талдау көрсеткендей, бос лауазымдарға үміткерлерді іріктеутің конкурстары 16-дан 52 жұмыс күніне дейін уақыт алуда. Бұл жағдай өз кезегінде кадр тапшылығына алып келуде, әсіресе, ауылдық және аудандық деңгейлерде кадр жетіспеушілігі анық байқалуда. Әсіресе, сирек  кездесетін мамандықтарға қызметке тұру жеңілдетілмек.

Осы ретте екінші ішкі және жалпы конкурстарды біріктіру оларды тезірек жабуға мүмкіндік береді. Бос орындар толтыру мәселесін тездетумен қатар, меритократия қағидаларының сақталуы бақылауда болады. Сол себепті екінші ішкі конкурстар өткізілмейтін жағдайлар заңға тәуелді құқықтық актілерінде анықталатын болады. Олар сирек кездесетін мамандықтар және басшылық емес лауазымдар. Керісінше, барлық басшылық лауазымдарға екінші конкурсты өткізу міндетті түрде сақталады. Бұндай тәсіл төменнен жоғарығы өсуді, яғни мансаптық қағиданың талаптарын орындауды толық қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек ол «А» корпусы қызметкерлерінің «Б» корпусы лауазымдарына тағайындалу тәртібі жеңілдетілетінін аңғартты.  Қазірде «А» корпусының қызметкерлерін төменгі орынға тағайындау тек Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімімен ғана жүзеге асырылады. Заң жобасымен мұндай құқықты агенттікке беру ұсынылып отыр.

www.inform.kz


Жарияланған: 09.12.2016 | 18:07

Жаңартылған: 23.12.2016 | 18:16

Белгі: Заңнама, Сенат

Категориялар: Кадр саясаты

Көрілді: 5

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

Авторландыру

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image