2017 жылдың бірінші жартысында «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау жоспарлануда

2017 жылдың бірінші жартысында «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау жоспарлануда

Еліміз бойынша қанша мемлекеттік қызметші күнделікті тестілеуден өтеді және тестілеуден өтушілерді қабылдау үшін тестілеу залдары дайын ба? Бірыңғай құзырет шегі жаңа жүйесін апробациялау қашан жүргізіледі?

Бұл жөнінде, сондай-ақ аттестаттау өткізу бойынша өңделген тәсілдер туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Қайрат Қожамжаров басшылығымен өткізілген кеңесте айтылды. Кеңес бейнеконференция байланыс арқылы Агенттіктің аумақтық департаменттері қызметшілерінің қатысуымен өтті.

Кеңесте аттестаттаудың уақытылы және сапалы өткізілуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық барысының барлық мәселелері толық қаралды.

«Шектелген уақытты ескере келе, аттестаттауды өткізу уақыттылылығы жұмыстың реттелгендігі мен әрбір деңгейінде кезеңдерді өткеруді толық үйлестіруіне байланысты болады», - деп атап өтті Агенттік Төрағасы Қайрат Қожамжаров.

2017 жылдың бірінші жартысында «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау жоспарлануда.

Мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау атқаратын қызметінің санатына байланысты үш кезеңде өткізіледі. Барлық аумақтық департаменттерде атестататтауды өткізу желілік кестесі қалыптастырылуда.

Аттестаттау бірінші кезеңде 2017 жылдың 16 наурызында өткізілуі жобалануда. Екінші кезеңде –2 ақпаннан 17 мамырға дейін, үшінші – ағымдағы жылдың 3 наурыздан 15 маусымға дейін.

Аттестаттауды барлығы 65 мың адам өтеді, оның ішінде 58 мыңы аттестацияны өңірлерде өтеді.

Аталған кезеңде барлық өңірлерде тестілеу залдарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, Бірыңғай құзырет шегі жаңа жүйесін апробациялау кестесі жасалуда.

2017 жылы мемлекеттік қызметшілер аттестаттауды өткеру барысында Бірыңғай құзырет шегі жаңа жүйесі негізінде жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өтеді.

Бір күнде ел бойынша 1600 мыңнан астам адам тестілеуден өтуін есепке ала келе, Қайрат Қожамжаров Агенттіктің өңірлік департаменттерінің басшыларына тапсырды:

- жыл соңына дейін тестілеу кестесін түзету;

- аттестаттауды өтушілердің болжамалы санының тестілеуден өтуіне мүмкіндік беретін тестілеу залдарының алаңын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Қайрат Қожамжаров әңгімелесу өткізу тәртібіне аса назар аудару қажеттілігіне екпін қойды.

Әңгімелесу тәртіптерінің әділдігін қамтамасыз ету және қабылданған шешімдерге сенімін арттыру  үшін аттестациялық комиссия құрамына Агенттік өкілдерін, жоғарғы тұрған меморгандар, қоғамдық бірлестіктер мен кеңестер, академиялық орта өкілдерін, сондай-ақ мәслихат депутаттарын қосу ұсынылды. Комиссия мүшелері әңгімелесуді жүргізу мен құзыреттілігін анықтау дағдыларына оқытуды Мемлекеттік басқару академиясында және облыс әкім аппараттарының жанындағы өңірлік оқыту орталықтарында өтеді.

Кеңесте Агенттік Төрағасымен кешенді аттестаттау жүргізудің жетістікті негізгі аспектілерінің бірі ретінде аттестаттау мәселелері бойынша азаматтар арасында сапалы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарын жүргізу аталып өтті.

Аттестаттау жүргізу кезеңі бойына Агенттікпен мемлекеттік қызметшілердің әрбір санатының  аттестация өткеру мақсаттары мен міндеттері, тәсілдері, уақыттары мен аттестация өткеру нәтижелері  туралы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жүргізіледі.

Агенттік интернет-ресурсында азаматтар аттестация бойынша қызықтыратын сұрақтарына жауап таба алатын қосымша сервис (қызмет көрсету) құрылады.

Естеріңізге саламыз, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру кезеңдерінің бірі  іс басындағы мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізуді қарастырады. Аттестаттау мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігі мен білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін кадрлармен жұмыстың ықпалды шарасы болып табылады.

kyzmet.gov.kz

Мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау қай уақытта болады?


Жарияланған: 23.12.2016 | 17:58

Жаңартылған: 23.12.2016 | 18:06

Белгі: Мемқызмет

Категориялар: Кадр саясаты

Көрілді: 7

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

Авторландыру

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image