Ерлан Ыдырысов Сингапурда дәріс оқыды

Ерлан Ыдырысов Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік басқару мектебінде дәріс оқыды

Ерлан Ыдырысов Сингапурда дәріс оқыды Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды

 28 08 2014 19:12 Материалды бағалаңыз 1 2 3 4 5 (0 бағалау) ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапары аясында биыл 28 тамызда Сингапурға барды. Іссапар барысында ол СР Премьер-Министрі Ли Сянь Лун, СІМ басшысы Касивисванатан Шанмугам, инновациялар саласындағы жетекші сингапурлық сарапшылармен кездесіп, Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік басқару мектебінде дәріс оқыды.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды. Сингапур Премьер-Министрімен кездесуі барысында тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен болашағын талқылады, олар экономика, сауда, инвестициялар салаларымен қатар, мемлекеттік қызмет, электронды үкімет, білім беру, бюджеттік жоспарлау, шағын және орта бизнесті қолдау салаларын да қамтиды.

Аталған салаларда толығымен қолданылмаған үлкен әлеует бар екендігі атап өтілді. Сингапур Республикасы Сыртқы істер министрі, Әділет министрі Касивисванатан Шанмугаммен кездесу барысында Қазақстанда химиялық кластерді дамыту ісіндегі ынтымақтастық, білім беру және ғылым салаларында, соның ішінде кәсіби-техникалық білім беру саласындағы ықпалдастық атап өтілді. ҚР СІМ басшысы сұхбаттасына Қазақстан Сингапурмен құқық саласында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ екі ел азаматтарының өзара сапарлары артып отырғандығы сөз болды.

Осыған орай Сингапур тарапына барлық паспорт түрін иемденетін азаматтарға 30 күндік мерзімнен аспайтын сапарлар үшін визалық талаптарды жою туралы келсімге қол қою мүмкіндігін қарастыру бойынша ұсыныс жасалды.

Е.Ыдырысов сонымен бірге Азия-Еуропа форумына азиялық топтан Қазақстан кандидатурасына қолдау көрсеткендігі үшін алғыс айтып, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдайтынына сенім білдірді. Сапар барысында Қазақстан Сыртқы істер министрі әйгілі Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат Мектебінде Еуразиялық экономикалық одақты құрудың маңыздылығы, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері және ЕАЭО-ның құрылуымен халықаралық экономикалық ынтымақтастық үшін туатын мүмкіндіктер жайлы дәріс оқыды. Министрдің сапары сингапурлық жетекші БАҚ-та кеңінен талқыланды.

24.kz


Жарияланған: 05.09.2014 | 12:03

Жаңартылған: 08.09.2014 | 12:14

Белгі: Министрлер, Сингапур

Категориялар: Кадр саясаты, Бейне-материалдар

Тақырып бойынша категориялар: Бейне-материалдар

Көрілді: 368

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

Авторландыру

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image