«SmartCity» Цифрлық Қазақстан негіздерінің бірі ретінде

2016 жылы 30 қарашада Астанада ASTEXAstanaSmartCity Халықаралық форум-көрмесі: «ақылды қала» бақытты өмір үшін болып өтті

«SmartCity» Цифрлық Қазақстан негіздерінің бірі ретінде

Іс-шара «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ және «Астана Innovations» АҚ қатысуымен, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылды.

Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданатын қалалық инфрақұрылымды дамыту, озық технологиялық шешмдер көмегімен қала тұрғындары өмірінің сапасын және қала ортасының тиімділігін жақсарту және заманауи қала құрылысы тұжырымдамаларының өзге де өзекті мәселелері ASTEXAstanaSmartCity 2016 пленарлық мәжілісінде талқылау тақырыбы болды. Талқылауға Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, CitySmartUp негізін қалаушысы және Басқармасының мүшесі Ренато де Кастро және Smart Amsterdam инновациялық дамыту және смарт технологиялар бойынша сарапшы Владимир Батаев қатысты.

Дәурен Абаев,өз сөзінде заманауи қалада жайлы өмір сүруді, жұмыс істеуді және демалуды жоғары зияткерлік ақпараттық жүйелерді қолданбайтын, тек дәстүрлі әдістермен қамтамасыз ету іс жүзінде мүмкін емес деп атап өтті. Мемлекет оларды енгізу үшін инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді құрады. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын таныстыруды жобалайды, онда АКТ көмегімен барлық экономика секторларын дамыту бойынша іс-шаралар, сонымен қатар «ақылды» қалаларды дамыту бойынша жобалар қарастырылған.

«Smart қалаларды» «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бөлігі ретінде дамыту барлық ресурстар түрін ұтымды пайдалануды және басқаруды жеткізуге және өмір сүру ортасын басқаруға және өзгертуге жергілікті бірлестіктің кең жұмылдыруға бағытталады.

ASTEX Astana Smart City 2016 панельдік талқылаулары – «Ақылды қалаларды құру және стандарттар» және «Адам өмірінің сапасын жақсарту үшін смарт шешімдер» – жеке қалаларда «ақылды қалалар» тұжырымдамасын іске асырудың аса ішінара мәселелеріне, сонымен қатар мегаполистер мәселелерін шешуге себептесетін және олардың қала тұрғындарының жайлылығы мен қолайлығын дамыту және көтеру үшін кең мүмкіндіктерді ашатын нақты жобаларға арналады.

Панельдік талқылауларға КPMG Азия-Тынық мұхит өңірінің ақпараттық технологиялар бойынша директоры Маркус Уолтер, Джон Хопкинс университетінің мемлекеттік үстемдік орталығының басшысы Эндрю Никлин, сонымен қатар IBM, Cisco, SAP, Huawei және өзге де әлемдік IT-саласындағы қолбасшылардың өкілдері қатысты.

«Зерде холдингі» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Бекболат Хамитов өз баяндамасында«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында мемлекеттік-жеке серіктестік моделі бойынша іске асырылатын жобалар туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, Форум-көрме аясында жетекші сарапшылар мен АК саласындағы Қазақстан СЕО қатысуымен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша сараптау кеңесінің мәжілісі болып өтті, «Алматы қаласында электрондық билеттеу жүйесін енгізу тәжірибесі. Оңай жүйесін өзге қалаларға енгізу мүмкіндіктері» және «Ақылды қаланы стандарттау» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді.

Форум-көрме жұмысы кезінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана әкімдігі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы» инфрақұрылымды дамытуға бағытталған, бірлескен орта- және ұзақмерзімді инвестициялық жобаларды іске асыруда, сондай-ақ біріккен әлеуметтік маңызды инвестициялық жобаларды іске асыруда жәрдемдесу туралы үш жақты меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, «Астана» ӘКК» ҰК», «Астана» халықаралық қаржы орталығы», «Зерде» ҰИХ» АҚ арасында қаланы индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға; «Астана Innovations» АҚ, «Зерде» ҰАХ» АҚ, «Гете институты», «Конвенш Бюро» ЖШС және өзгелері арасында ынымақтастық туралы төрт жақты меморандумға қол қойды. Жалпы, іс-шара барысында қатысушы компаниялар арасында жиырмадан астам меморандумға қол қойылды.

Форум-көрменің қонақтары ASTEX Astana Smart City 2016 жобалар көрмесінде «ақылды қалалар» үшін ең жаңа әзірлемелермен және смарт-шешімдермен танысу мүмкіндігіне ие болды. Көрмеге «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ, «Astana Innovations» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, SAP, Cisco, IBM, Huawei және тағы басқалары сияқты ірі қазақстандық және шетел компаниялары қатысты.

Іс-шарада Қазақстандағы АКТ-жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық мәселелерін бірігіп және көзбе-көз шешкен қазақстандық және шетел кәсіпкерлері, бизнес-көшбасшылары және инвесторлары қатысты.

Жалпы, Форум-көрмеге 700-ден астам қонақтар, сонымен қатар АҚШ, Еуропадан және ТМД қонақтар келді.

www.zerde.kz


Жарияланған: 29.11.2016 | 09:43

Жаңартылған: 06.12.2016 | 10:23

Белгі: АТ, Социум, Қаржы

Категориялар: Ақпараттық технологиялар

Көрілді: 18

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

Авторландыру

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image