ERG Еуразия тобы инноваторларының тұңғыш форумы өтіп жатыр

Астанада ERG Еуразия тобы инноваторларының тұңғыш форумы өтіп жатыр. Форум аясында үздік жаңа жобаларға байқау ұйымдастырылуда. Жеңімпаздар 5 номинация бойынша анықталады, деп хабарлайды BNews.kz

ERG Еуразия тобы инноваторларының тұңғыш форумы өтіп жатыр

Жиынға ERG Еуразия тобы инноваторлары тобының 200-ден аса қызметкері қатысуда. Атап айтқанда, инженерлер, механиктер, IT-мамандары мен менеджерлер ең үздік идеяларын ортаға салмақ.

«Еуразия тобы биыл 500-ге жуық жаңа жобаны қолға алды. Барлық жобаға 17 млрд теңге бөлінді. Бұл, әрине, өте мол қаржы, бірақ ол біз үшін маңызды. Жобалар байқау негізінде таңдалып жатыр. Байқаудың екінші кезеңіне 17 жоба іріктелініп алынды. Біз үздік жобаларға демеушілік жасаудан қашпаймыз. Себебі, бұл болашақ үшін керек. Елімізде жоғары дәрежелі инженер мамандар жеткіліксіз. Біліктілігін көрсете білген мамандарға біз әрқашан қолдау жасауға әзірміз», – дейді «Еуразия тобы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Бектібаев.

Байқауға Дон тау-кен байыту комбинаты, Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттары, «Қазмырыш» кен басқармасы, «Қазхром» АҚ, «Соколов-Сарыбай» өндірістік бірлестігі, «Қазақстан аллюминиі» АҚ және тағы басқа алдыңғы қатарлы өндіріс орындары қатысуда. Байқау «Арзандау жаса», «Өнімділікті ұлғайт», «Сапаны жоғарылат», «Қауіпсіздікті арттыр», «Экологияны сақта» атты номинациялар бойынша өтеді.

ERG инноваторлары форумы жыл сайын өткізіледі деп жоспарланып отыр.

www.bnews.kz


Жарияланған: 02.11.2016 | 10:35

Жаңартылған: 25.11.2016 | 10:36

Белгі: АТ, Бизнес үшін, Социум

Категориялар: Ақпараттық технологиялар

Көрілді: 12

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

Авторландыру

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image