«Жасырын» мемлекеттік қызметтер денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығы салаларына жатады

«Жасырын» мемлекеттік қызметтер денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығы салаларына жатады

А.ж. 2 желтоқсанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Әділбек Мұқашевпен Агенттіктің Ақмола облысы бойынша Департаментінің басшысы Берген Беспалиновтың қатысуымен брифинг өтті.

Ағымдағы жылы мемлекеттік органдармен 111,8 млн. Астам мемлекеттік қызметтер көрсетілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,3% артық (109,2 млн. қызмет).

Аталған санның 57% мемлекеттік қызметтері қағаз түрінде көрсетілген, яғни мемлекеттік органда. Мемлекеттік қызметтердің «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілуі 18%-ға, электрондық нысанда көрсетілгендер саны 38,8%-ға артқаны аталып өтті.

Ағымдағы жылы Агенттік және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша 350 тексеріс өткізді, оның ішінде 182 ішінара тексерулер, 86 - азаматтардың өтініштері бойынша, 82 - прокуратура органдарының тапсырмалары бойынша.

Мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Әділбек Мұқашев мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу аясында қызмет көрсетушілер тарапынан жүйелі түрде заң бұзушылықтар анықталғанын атап өтті. Қосымша құжаттарды сұрау, негізсіз бас тартулар, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін созу, жұмыс тәртібін сақтамау, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өз бетінше өтініштер мен құжаттарды беру мүмкіндігінің жоқтығы туралы фактілері анықталды.

Азаматтардың өтініштері бойынша тексерістің нәтижелері мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету фактілері бойынша 45 негізделген шағымдар белгіленген. Нәтижесінде 33 қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілген.

Қызмет алушылардың құқықтарын сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін Агенттік тұрақты түрде Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енбеген «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтайды.

Олардың көбі денсаулық сақтау, тұрын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығы салаларына жатады.

Мысалы, қайта өндеуші кәсіпорындарының шығындарын, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ревизиялық одақтарының шығындарын субсидиялау, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатты беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы қорытынды беру және басқалар.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне 15 «жасырын» мемлекеттік қызметтер енгізілген, қосымша 38 «жасырын» мемлекеттік қызметтерді Тізілімге қосу бойынша мәселе қарастырылуда.

Мемлекеттік органдар анықталған олқылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі Агенттіктің ұсыныстары бойынша нормативті құқықтық актілерге, оның ішінде стандарттар мен регламенттерге қажетті түзетулерді енгізу бойынша тиісті шараларды тұрақты түрде жүргізеді.

Ақмола облысының мемлекеттік органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ерекше назар аударылады.

ҚР МҚІСЖҚА Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов облыста ағымдағы жылы 3 млн. астам қызмет көрсетілгендігін атап өтті. Ақмола облысының ішкі бақылау қызметтерінің жөнге салынған жұмысының нәтижесінде жыл сайынғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бағытындағы мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау Жүйесіне сәйкес соңғы жылдары Ақмола облысы жетекші орындарды алуда.

Берген Беспалинов брифингте сөз сөйлеу барысында ҚР МҚІСЖҚА Ақмола облысы бойынша департаменті қызметінің қорытындысы туралы әңгімеледі.

Берген Беспалиновтың атап өтуі бойынша Ақмола облысында мемлекеттік қызметті кәсібилендіру бойынша жүргізілген реформалар нәтижесінде мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артқан.

Ақмола облысының 706 мемлекеттік органдарында 5980 мемлекеттік қызметшілер лауызымы бар деп есептеледі. Бос орын лауазымы 8% құрайды, бұл өз кезегінде алдыңғы жылғы көрсеткіштен 3%-ке кем. Бұл конкурстық іріктеу тәртіптеріне енгізілген өзгерістер нәтижесінде мүмкін болды. Ақмола облысының мемлекеттік органдарында ағымдағы жылда өткізілген  конкурстардың 95%-де байқаушылар қатысты.

Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыру мен  бағдарламасы Ережесінің өзгеруімен төменгі шектік мәнді өткерген азаматтардың саны өткен жылмен салыстырғанда 17% өскен. Аталған көрсеткіш өз кезегінде бір орынға үміткерлердің саны мен  өткізіліп жатқан конкурстардың нәтижелілігі арттырды.

32 тәртіптік іс қозғалып, оның ішінде 26-сы мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар және 6-уы Әдеп кодексінің талаптарын бұзуы.

http://kyzmet.gov.kz/


Жарияланған: 12.12.2016 | 17:03

Жаңартылған: 23.12.2016 | 17:07

Белгі: мемлекеттік қызметтер

Категориялар: Мемлекеттік қызметтер

Көрілді: 5

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

Авторландыру

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image