Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанында Қоғамдық кеңес құрылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанында Қоғамдық кеңес құрылды

Отырысты ашу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Қайрат Қожамжаров қоғамдық кеңеске Агенттік қызметіндегі маңызды рөл жүктелгендігін, себебі азаматтық қоғам өкілдеріне мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жұмысына қатысуға мүмкіндік берілгендігін атап айтты.

Қоғамдық кеңес бюджеттік бағдарламаларды орындау мен жобаларын талқылау, стратегиялық жоспарлардың жобаларын, азаматтардың құқықтары, бостандығы мен міндеттеріне қатысты НҚА-дің жобаларын әзірлеу мен талқылауға, мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері мен қызметтік әдеп нормаларын сақтауды қоса алғанда мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыруға белсенді түрде қатысады.

Кеңес төрағасы болып Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры С.З. Қанаев сайланды.

Қоғамдық кеңес құрамына ҚР Мәжіліс депутаты Е.Ө. Бектұрғанов, «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің консультанты В.И. Коломийцев, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының «Тыныс» АҚ-ның директорлар Кеңесінің корпоративтік хатшысы Қ.С. Нұртазин, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Заң факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры Е.А.Оңғарбаев, «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ өңірлік дамыту бөлімінің басшысы А.С. Пепенин, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының дипломатия институтының профессоры Т.С.Сүлейменов, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет кафедрасының профессоры З.Л. Федотова, салық төлеушілер Қауымдастығының басқару Кеңесінің Төрағасы Ж.Д.Ертілесов кірді.

http://kyzmet.gov.kz/


Жарияланған: 07.12.2016 | 16:58

Жаңартылған: 23.12.2016 | 17:02

Белгі: Қоғамдық кеңес

Категориялар: Мемлекеттік қызметтер

Көрілді: 5

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

Авторландыру

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image