Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдарына бекітуге 353 құжат жолданған

Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдарына бекітуге 353 құжат жолданған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы — Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің құжаттарды бақылау, қабылдау және беру бөлімінің басшысы Тәжібаев Талғат Ашматуллаұлы баяндады. Оның сөзіне сүйенсек, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының 2016 жылғы 20 маусымдағы №92 жер қатынастары саласындағы 2 мемлекеттік қызметтін оңтайландыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

  • Елді мекендерде «Жер учаскесінің кадастрлық» (бағалау) құнын анықтау».
  • Елді мекендерде «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту».

Пилоттық жобаны іске асыру барысында аталған мемлекеттік қызметтерді елді мекендерде «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және бекіту» бір мемлекеттік композиттік қызметке біріктіру арқылы жеңілдетілді, сондай-ақ, елді мекендерде кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша жұмыстарын 10 жұмыс күнінін 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Бұл жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құжаттарды тапсырған кезде, қызмет алушының қайта жүгінуін болдырмау үшін 2 өтініш тапсырады. Сонымен қатар, бағалау актісі Мемлекеттік корпорация жұмыскерлері 5 жұмыс күн ішінде де анықтаған, яғни мерзімі 2 есе қыскартылды. Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарының бекіту мерзімі өзгеріссіз қалды, яғни 3 жұмыс күні.

Осылайша, 2016 жылғы 20 маусымнан 18 қараша аралығында барлығы — 567 өтініш оның ішінде композит бойынша — 353 қызмет көрсетілген. Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдарына бекітуге — 353 құжат жолданып бекітілді. 567 құжаттың 321 құжаты қызмет алушыға берілді. Композиттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 8 — 9 күнді құрады (стандарт бойынша қабылдау күні бекіту бойынша қызмет көрсетудің 3 күндік мерзіміне кірмейді), — деп сөзін түйіндеді Т.Тәжібаев.

i-news.kz


Жарияланған: 12.12.2016 | 16:47

Жаңартылған: 23.12.2016 | 16:50

Белгі: земельный кадастр, местные органы

Категориялар: Мемлекеттік қызметтер

Көрілді: 6

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

Авторландыру

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image