Бюджеттен бөлінген қаржыны игере алмайтын министрліктер белгілі болды

Бюджеттен бөлінген қаржыны игере алмайтын министрліктер белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Ағымдағы жылдың қорытындысында бюджеттен бөлінген 7,5 млрд. теңге игерілмейді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әкімшілер 129 млрд. теңгенің орындалуының мүмкін еместігі туралы мәлімдеді. Бұл ретте, атқарылмаудың жалпы сомасының 90 пайызынан астамы Үкіметтің пайдаланылмайтын резервіне (90 млрд. теңге) және бюджеттік заңнама бойынша игерілмеген болып табылатын үнемдеуге (32 млрд. теңге) тиесілі. Игерілмеу 7,5 млрд. теңгені құрайды. Бұл шамамен өткен жылдың деңгейіндегідей (7,8 млрд. теңге)», - деді Сұлтанов.

Оның деректеріне сәйкес, Сыртқы істер министрлігі 2,8 млрд.теңге, Ішкі істер министрлігі  1 млрд. теңге, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі  1,2 млрд. теңге, Білім және ғылым министрлігі  0,6 млрд.теңге қаржыны игере алмайды.

«2016 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылаған кезде қосымша бөлінген қаражат бойынша 2,3 млрд. теңге сомасында қаражаттың игерілмеуі күтіледі», - деп атап өтті министр.

Бұл ретте аталған қаржының 1,9 млрд.теңгесін Сыртқы істер министрлігі, 248,9 млн.теңгесін Бас прокуратура және 90 млн. теңгесін Ішкі істер министрлігі игере алмайды.

lenta.inform.kz


Жарияланған: 20.12.2016 | 15:52

Жаңартылған: 23.12.2016 | 15:54

Белгі: Қаржы, Үкімет

Категориялар: Бюджеттік жоспарлау

Көрілді: 8

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

Авторландыру

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image