Астананың алдағы 2 жылға арналған жергілікті бюджетінің жалпы көлемі 660,5 млрд теңгені құрайды

Астананың алдағы 2 жылға арналған жергілікті бюджетінің жалпы көлемі 660,5 млрд теңгені құрайды, деп хабарланады астана әкімдігінің ресми сайтында

Астананың алдағы 2 жылға арналған жергілікті бюджетінің жалпы көлемі 660,5 млрд теңгені құрайды

Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысында елорданың 2017-2019 жылдарға арналған бюджетінің жобасы мақұлданды. Елорданың басты қаржы құжатының жобасын әкімнің орынбасары Андрей Лукин таныстырды. Астананың алдағы 2 жылға арналған жергілікті бюджетінің жалпы көлемі 660,5 млрд теңге сомасында бекітілді, соның 219 млрд теңгесі келесі жылға арналған. Қала қазынасының негізгі бабы әлеуметтік сала болып табылады.

«Қаланың бюджеті әлеуметтік бағдарланған болып қалды. Алдағы жылы әлеуметтік саланың өзіне ғана 90 млрд теңге шығын немесе жалпы бюджеттің 41,3% көлемінде жоспарланған», – деп атап көрсетті әкімнің орынбасары.

Сөз сөйлеу барысында Андрей Лукин алдағы жылы Астананың республикалық бюджетті қалыптастыруға қандай көлемде үлес қосатынын хабарлады. 

«Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңға сәйкес, келесі жылға арналған бюджеттің жобасында бюджеттің алулары шамамен 20,5 млрд теңге, яғни, бүкіл ел болып елорданы салса, енді елорда донор бола отырып, республикалық бюджетке қаржы құяды», – деді Андрей Лукин.

Сондай-ақ, ол келесі жылы жергілікті бюджет қандай көлемде кіріс алуды жоспарлап отырғанын хабарлады, және елорданың жеке кірістерінің басты көзі еңбекақы төлеу қорының салықтық түсімдері екенін атап көрсетті. «2017 жылға түсімдер бойынша бюджеттің жобасы жеке кірістер бойынша 212 млрд 550 млн теңге көлемінде бекітілді, биылға жоспарланған бюджетке қатысты өсім 32,5 млрд теңге немесе 18%.

«Атап өтерлігі, жергілікті бюджеттің кірістерінде салық түсімдерінің үлес салмағы басым –90-нан 97% -ға дейін. Соның ішінде, елеулі үлес еңбекақы төлеу қорының салықтарына келеді – төлем көзінен алынатын кірістерге жеке кіріс салығы – 43% және әлеуметтік салық – 36%», – деді әкімнің орынбасары.

www.strategy2050.kz


Жарияланған: 28.11.2016 | 15:58

Жаңартылған: 08.12.2016 | 16:00

Белгі: Заңнама

Категориялар: Бюджеттік жоспарлау

Көрілді: 8

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

Авторландыру

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image