Салауатты өмір салтын қолдап!

Салауатты өмір салтын қолдап! Ағымдағы жылдың тамызында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Конституция Күнінің 20 жылдығына арналған спорттық жарыстар өтті, оларды Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырды.

Жарыстардың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, еңбек етушілерді жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту, сондай-ақ ұйымдардың ең күшті спортшылары мен командаларын анықтау болды.

Спорттық жарыстарға Ұлттық экономика министрлігінің, Экономикалық зерттеулер институтының, «Әріптестік» кәсіпорнының қызметкерлері, сондай-ақ Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау орталығының мамандары қатысты.

Талдау тобының аға сарапшысы Айдана Садықова Мемлекеттік қызметтерді бағалау секторының аға сарапшысы Арман Қожағалиевпен бірге теннис бойынша бақталастармен жарыса отырып, өз ойынын көрсетіп, 4-орынды иеленді.

Сондай-ақ Арман Қожағалиев футбол бойынша құрама командада ерекшеленді.

Шахмат бойынша жарысқа қатысушы Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді бағалау секторының аға сарапшысы Азамат Саменов жалпы топтық 5-орынды иеленгенін айта кеткен жөн.

Жастардың жетістіктері Бағалау орталығы ұжымына кезекті рет өз әріптестерін мақтан тұтуға мүмкіндік берді. Басшылық пен жұмысшылар спортшыларға керемет өнер көрсеткені үшін алғысын білдірді және оларға жеткен жетістіктерінде тоқтап қалмай, әрі қарай жаңа жеңістерге жетулерін тіледі.  

Анар Жұматаева


Жарияланған: 08.09.2015 | 17:37

Жаңартылған: 08.09.2015 | 17:38

Белгі: Социум

Категориялар: Оқиғалар және іс-шаралар, Кадр саясаты

Көрілді: 164

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image