Бюджет тиімділігін басқару Жаңа Зеландияның көрсеткіштер жүйесі

Жаңа Зеландияның бюджетті басқару моделі

Бюджет тиімділігін басқару Жаңа Зеландияның көрсеткіштер жүйесі Үкімет қаражаттандыру заң жобасымен бірге «Жаңа Зеландияның қаражаттандыруды бағалау» құжаты

Жаңа Зеландияның бюджеттік бағдарламалау жүйесінің ерекшелігі бюджетті жоспарлау мен атқару процесінде нарықтық құралдарды қолдану, мысалы, министр мен мемлекеттік ведомствоның (департаменттің) басқарушы-менеджер қызметтерін ажыратуда. Министрлер мемлекеттік қызметтерді «сатып алушылар»  ретінде, ал басқарушы-менеджерлер «жеткізуші» ретінде қарастырылады. «Сатып алушы» ретінде министр мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік «жеткізушілерден» немесе жеке «жеткізушілерден» алады, ал «жеткізушілер» тауарлар мен қызметтерді ұсынуда өзара сапа мен баға бойынша бәсекелеседі.  

Жаңа Зеландияның бюджетті басқару моделі менеджерлердің басқарушылық еркіндігіне сүйенеді, бірақ нәтиже үшін толық жауаптылық өздерінде. Басқарушы-менеджерлер қызметкерлер мен кеңес берушілер арасында,  капиталдық пен ағымдағы шығындар арасында қаржылық ресурстарды таратуда елеулі еркіндікке ие болады. Жұмыс беруші ретінде, олар өзіне қызметкерлерін өздері жұмысқа кіргізуге және жұмыстан босатуға құқықтары бар. Министрлер мен басқарушы-менеджерлер арасында бір жылдық келісім-шарт құрылады, онда бір жыл ішінде жеткізілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер көлемі, жұмсалатын ресурстар көлемі анықталады. Әр ведомство өз нәтижелері туралы есебін жариялауға міндетті, оның құрамында нақты және жоспарлы құндылық (қаржылық) және дағдылы көрсеткіштер бар. Ведомстволар өз банктік шоттарын өздері басқарады: мемлекеттік активтерді пайдаланғаны үшін бюджетке арнайы төлемдерді (таза активтерге бекітілген пайызды) аударады, баланста туындаған ақша қалдықтарына пайыздық сыйақылар алады және кассалық тапшылықты қысқа мерзімді бюджет несиелерін өтеуге еркін.

Үкімет қаражаттандыру заң жобасымен бірге «Жаңа Зеландияның қаражаттандыруды бағалау» құжатын (“The Estimates of Appropriations for the Government of New Zealand”) ұсынады, онда (дауыс беру жүргізілетін)  қаражаттандыру түрлері және бағдарламалар бойынша ұсақталып талданған ақпарат, министрліктердің үш жылдық жоспарлар мен нәтижелердің тікелей көрсеткіштері ашылып жазылған. Жаңа Зеландияның бағдарламалық бюджетін, «Қаражаттандыруды бағалау» құжатында бар: жоспарланатын қаражаттандыру мұқтаждары құрылымы, қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар құрылымы – ақпараты негізінде құрастыруға болады.

Жаңа Зеландияның бюджеттік бағдарламалардың деңгейлеріне тоқталатын болсақ, бірінші деңгейде функционалдық бөлімдер (барлығы 68), олар Парламентте дауыс беру арқылы анықталады. Олар келесі секторлар бойынша топтасқан: экономикалық даму және инфраструктура; білім беру және ғылым; қоршаған орта; халықаралық қатынастар; қаржы және мемлекеттік басқару; денсаулық сақтау; сот әділдігі; аз ұлттар; бастапқы ресурстар; әлеуметтік даму және тұрғын үй. Әрбір функционалдық бөлім үшін бір министр жауапты болады. Екінші деңгейде қаражаттар түрлері жіктеледі. Бюджеттік қаражаттандырудың алты түрі бекітілген, оның ішінде төртеуі – ағымдағы шығындарды қамтамасыз етеді (тауарларды жеткізу шығындары, қызмет көрсету шығындары, трансферттерді жүзеге асыру, кредиттерді өтеу шығындары, басқа шығындар), капиталдық шығындар және қарақшылық пен қорғаныс шығындары. Үшінші деңгейді құрастыратын бюджет бағдарламалары, бюджеттік қаражаттандырудың түрлеріне сәйкес топтастырылады. Жалпы алғанда, Жаңа Зеландияның бюджеттік бағдарламалау жүйесінің құрылымы нәтижеге бағыттандырылған бюджеттеу әдістемесін қолданатын көп мемлекеттермен ұқсас болып келеді, ал ерекше артықшылығы – бұл бюджеттік процесс қатысушылары арасында, шығындардың тиімділігін жеке сектордың көрсеткіштеріне жеткізуге мүмкіндік беретін, нарықтық қатынастардың орнатылуы. Нәтижелік көрсеткіштер мемлекеттік басқару секторында 20 жылдай уақыт кезеңінде қолданылады. Нәтижелік көрсеткіштерді құрастыру жауапкершілігі министрліктер мен агенттіктерге жүктелген. 2003 қаржы жылынан бастап департаменттер жоспарларды министрліктермен – стратегиялық мақсаттар, операциондық міндеттер, нәтижелік көрсеткіштер және қаржылық ресурстар бойынша –  үйлестіре құрастырады. Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері сапа, көлем, мерзім анықтайтын ұғымдармен беріледі, ал оларды жүзеге асырылуын бақылау корпоративтік жоспарлармен, жылдық есептермен және Бас аудитор офисімен өткізілетін ресми аудитпен іске асырылады. Нәтижеге бағытталған бюджеттің негізгі құжаты ретінде болашақ нәтижелер туралы Мәлімдеме(Statements of Intent, SOI)  және министрліктердің жылдық баяндамасы(Annual reports) болып табылады.

Болашақ нәтижелер туралы мәлімдемелер министрліктердің басқа есептермен қатар әр жыл сайын тапсырылады, әр мәлімдеме келешек 3 жылға есептелген. Олар әр ведомство өз міндетін шешу жолында жалпы мемлекеттің ұзақ мерзімді мақсаттарын қалай шешетінін бекітеді. Мәлімдемелердің негізгі элементтері:

  1.      Келешек жылы министрлік жүзеге асыратын сапалық нәтижелер (outcomes);
  2.      Мөлшерлік нәтижелер(outputs);
  3.      Ведомстволарға мақсаттарды ұсақталып жіктеу;
  4.      Табыстар мен шығыстар деген қаржылық көрсеткіштердің болжамы.

Министрліктің жылдық есепбінде – жүзеге асырылған нәтижелері туралы ақпарат, жоспарлы және нақты көрсеткіштердің салыстырмасы ашылады. Онда жүзеге асырылмаған нәтижелердің себептері дәлелденеді, сонымен қатар министрлік келесі есеп кезеңге қоятын мақсатқа дәлелдеме жасайды.

Қойылатын талаптар әр салаға жеке белгіленеді. Мысалы, денсаулық сақтау секторының көрсеткіштеріне қойылатын талаптар: ведомствоның мақсаттарымен ара-қатынасатын денсаулық сақтау жүйесіне жоғары дәрежеде маңызды ақпарат; сенімді, Жаңа Зеландияның барлық тұрғандарына қатысты немесе жеке топтарға қатысты сенімділік; ресурстардың тиімді жіктелуіне бағытталу; жағдайдың өзгерген-өзгермегенін тұжырымдау үшін ұзақ уақыт кесіндісінде өлшеп тұру; көрсеткіштерді өлшеу құны саналы болу шарты; анықтау айқындығы, сенімді ақпарат көзі; жоспарланған мақсатқа жету жолында ұйымдардың ақпаратты жағымды жағынан көрсетуден гөрі тиімді жұмыс атқарылуына  ынталандыру.

Жаңа Зеландияның нәтижеге бағытталған бюджеттеу тәжірибесін қарастыра отырып, келесі пайдалы сабақтарды алуға болады. Біріншіден, басқарушы-менеджерлерге жоғары дәрижелі еркіндік беру арқылы жұмыстың жоғары нәтижелігіне әкеледі. Сонымен қатар, мемлекеттік ұйымдар мен жеке ұйымдардың тиімділгіне ұмталандырады.

Екіншіден, ағымдағы жылы қойған мақсаттарды жету үшін нақты нәтижелерді айқындау. Үшіншіден, жобалауда, басқаруда және бағалауда «бағдарламалық» концепцияны қолдану. Сонымен қатар, Жаңа Зеландия бюджетінің өзі бағдарламалық емес. Нәтижелік көрсеткіштер әртүрлі ведомстволардың мәселесіне кіреді, яғни әрбір мәселенің құрамында бірнеше ведомство жауапты болады. Сондықтан Жылдық баяндамаларда жұмыстың мәселелерін, жоспарланған және жүзеге асырған нәтижелерін, негізгі іс-шараларды табуға болады, бірақ қай көрсеткіштер қай бағдарламаға сәйкестігін табуға болмайды. Бұл көрініс Жаңа Зеландияның жетіспеушілігн айқындайды. Бірақ та бағдарламалық бюджеттеу дамып келе жатқан елдер осы тәжірибені пайдалы және құнды деп біледі.  

hse.ru


Жарияланған: 24.10.2014 | 11:28

Жаңартылған: 31.10.2014 | 13:18

Белгі: Қаржы

Категориялар: Халықаралық тәжірибе

Көрілді: 319

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image