Колумбия электронды-үкіметінің ИТ-фреймворкі

Колумбия үкіметінің электронды жүйелерінің архитектурасы

Колумбия электронды-үкіметінің ИТ-фреймворкі Электронды үкіметтің АТ-инфрақұрылымының барлық элементтеріні толығымен ұсыну үшін қандай да бір эталонды немесе референсті модельге (framework) ие болған пайдалы

Электронды үкіметті құру тарихы ақпараттық технологияларды дамытумен қатар келеді. Сарапшылардың болжауы бойынша, мемлекеттік басқармаларға ақпаратты коммуникациялық технологияларды енгізу экономиканың дамуын жылдамдатуға, бюррократиялық рәсімдерге шығындарды азайтуға, мемлекеттік ведомствалардың жұмыс тиімділігін және  еңбек өнімділігін күшейтуге,  әртүрлі түрдегі ақпаратқа қолжетімділікті жақсарту есебімен азаматтық қоғамды құруға халық мүмкіндігін кеңейтуге, мемлекеттік істердегі жұмыстың одан әрі ашықтығын құруға, бюрократиялық барьерлерді әлсіретуге мүмкіндік беоеді.

Электронды үкіметтің АТ-инфрақұрылымының барлық элементтеріні толығымен ұсыну үшін қандай да бір эталонды немесе референсті модельге (framework) ие болған пайдалы, ол электронды үкіметтің ақпаратты технологиялық инфроқұрылымы элементтерінің жүзеге асырылуының жалпы қисынын қамтамасыз етеді және осы инфрақұрылымның олармен қарым қатынас элементтерінің жасалуына ықпалдастырылған көзқарасы:

- ол электронды үкімет сервистерінің жүзеге асуын қамтамасыз ететін, ақпараттық жүйелердің дамуының жалпы логикасын қамтамасыз етеді;

- оларға өте тиімді және қажетті шешімдерді тез құруға мүмкіндік беріп, мемқызмет және АТ-жүйелерінің жеткізушілеріне ақпаратты береді.

Шетелдерде қолданылатын, электронды үкіметтің архитектурасының эталлонды моделінің бір мысалы Колумбия үкіметінің архитектурасы болып келеді. 

Колумбия үкіметінің электронды жүйелерінің архитектурасы

Электронды үкіметті жүзеге асыру жағынан Оңтүстік Америка елдері арасында бірқатар рейтингтер бойынша лидерлерге жататын,  44 млн. астам халқы бар  ел,   Колумбияның ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымның толық көрінісі  қызығушылық көрсетеді.

Колумбияның электрондық үкіметі жобаларының басшылары қоятын бастапқы мақсаттарының бірі, әр түрлі мемелекеттік ведомствалары және олардың жүйелері арасында ақпараттық алмасуды қамтамасыз ететін, ақпараттық жүйелерді және ортаны құру болып табылады.  

Осы мақсатпен келесілер жасалды:

-  GEL-XML (e-Government XML) атауын алған, XML негізінде деректермен алмасу сызбасына стандарттары жасалды;

-  Web-сервистерін қолдануға негізделген, ведомствоаралық әрекеттердің платформасы жасалды;

- ақпараттық сервистердің әрекеттесу процесстерін басқаратын және оларды бақылайтын, транзакциялы шлюз жасалды;

- мемлекетпен азаматтардың және бизнестің әрекеттесуі үшін онлайн интерфейстері жасалды.

Электронды үкіметті жасау процессін басқару үшін жалпы контекст төменде келтірілген суреттегі модельді береді.

 kaz-00001

1 сурет. Колумбияның электронды үкіметінің жалпы моделі

Электронды үкіметтің базалық (транзакциялы) инфрақұрылымы төменгі суретте келтірілген.

 kaz-00002

2 сурет. Колумбияның электронды үкіметтің базалық (транзакциялы) инфрақұрылымының моделі

Қызметтердің маршрутизаторы электронды форматта көрсетілетін қызметтерді біріктіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ол сұраныстарды қажетті ақпараттың иесі болып келетін немесе қандай да бір қызметтің (немесе оның бөлігі) жүзеге асырылуына жауапты ведомстваларға жіберілуін қамтамасыз етеді, жаңа электронды қызметтерді тіркеуді қамтамасыз етеді. Оның функционалы көптеген елдердерде жасалған басқа да ықпалдастыру жүйелеріне  ұқсас.

Қызметтердың тізбесі қажетті қызметті іздеуді және оларға қолжетімділік ережесін қамтамасыз етеді.

Басқару өзіне статистикалардың жиынтығын, жүйелердің өнімділікгін бақылауды, пайдаланушыларды бақылауды қосады.

Азаматтардың электронды үкіметтің бастапқы инфрақұрылымына және ақпараттық технологияларына және бөлек ведомстваларға қолжетімділігінің қалай ұйымдастырылғанын көрсететін моделі (архитектурасы)  төменгі суретте келтірілген.

 kaz-00003

3 сурет. Азаматтардың электронды үкімет жүйелеріне қолжетімді моделі  (архитектурасы)

 

Колумбияның электронды үкіметінің ақпаратты-технологиялық инфрақұрылымы элементтерінің моделінің детальді көрсетілуі төменгі суретте келтірілген.

 kaz-00004

4 сурет. Колумбияның электронды үкіметінің ақпаратты-технологиялық инфрақұрылымы элементтерінің моделінің детальді көрсетілуі.

2013 жылы Қазақстан Республикасында ақпараттық технологиялар саласындағы орасан зор массивті деректерді жүйелендіруге мүмкіндік берген, мемлекеттік функциялары мен қызметтерінің жазылымының эталонды моделін, сонымен қатар өңделген ақпараттық жүйелердің сервистерінің жазылуын жетілдірді. Бұдан басқа, аталған сервисті тиімді пайдалану үшін Ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстарының тиімділігін бағалау әдістемесіне аталған эталонды білім қорын толтыру бойынша көрсеткіші кіргізілді. 


Жарияланған: 29.09.2014 | 17:53

Жаңартылған: 29.09.2014 | 17:57

Белгі: eGov, АТ

Категориялар: Халықаралық тәжірибе

Көрілді: 419

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image