АҚШ мысалында инновациялар саласындағы стратегиялық жоспарлаудың халықаралық тәжірибесі

«Инновациялық Америка» стратегиясы

АҚШ мысалында инновациялар саласындағы стратегиялық жоспарлаудың халықаралық тәжірибесі «Инновациялық Америка» стратегиясын әзірлеу себебі АҚШ-тың ғылыми зерттеулердегі негізгі бәсекелестерден артта қалуы

2007 жылы АҚШ-та Құрама Штаттарының жаһандық экономикадағы бәсекеге қабілеттілігін өңірлердің инновацияларға қабілетін арттыру негізінде күшейтуге бағытталған «Инновациялық Америка» стратегиясы әзірленген. Бағдарлама мақсаты: «жалақысы үлкен жұмыс орындарын құру және өмір сүру деңегйін арттыру». Стратегия келесі міндеттерді шешуі тиіс болған: «сапалы» жұмыс орындарды құру (еңбек өнімділігін арттыру), жеке штаттар деңгейінде экономикалардың өсуі, штаттар мен жалпы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Аталған стратегия 1908 жылы құрылған және АҚШ-тың ең беделді қоғамдық саяси ұйымдарының бірі болып табылады АҚШ Ұлттық губернаторлар қауымдастығымен (NGA) әзірленген. Ұлттық қауымдастық американдық губернаторларға қызметтердің ауқымды спектрін ұсынады: олардың мүдделерін АҚШ Конгресінде және президент әкімшілігінде қорғаудан бастап инновациялық жобаларды әзірлеу мен әзірлеуге көмектесуге дейін.

«Инновациялық Америка» стратегиясын әзірлеу себебі АҚШ-тың ғылыми зерттеулердегі негізгі бәсекелестерден артта қалуы, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индкесінде позицияларының төмендеуі болып табылады.

Штаттар экономикаларының инновациялылығын анықтау мақсатында келесі көрсеткіштер топтары пайдаланған:

  • Заманға сай білімді талап ететін жұмыс орындары: АТ-саласынан тыс АТ аясында жұмыс жасау; жетекшілер, кәсіби мамандар және техниктер жұмыс жасайтын орындар; қызметкерлердің білім деңгейі; білікті қызметкерлердің көшіп келу деңгейі; жоғары қосылған құнмен өндірістік секторлардағы жұмыспен қамту; жалақысы жоғары өңіраралық қызметтер секторындағы жұмыспен қамту.
  • Жаһандандырылу: өндіріс пен қызметтер секторын экспорттың бағдарлау, шетел тікелей инвестициялар мөлшері.
  • Экономикалық серпін: жылдам өсетін компаниялар саны (”газельдер”); кадрлардың ағындық дәрежесі; Deloitte Technology тізіміне кіретін фирмалар саны (тек қана жылдам өсетін фирмаларды немесе «супер-газельдерді» қамтитын); компаниялар акцияларын (ІРО) бастапқы орналастыру құны; жаңа өндірісті ұйымдастыратын кәсіпкерлер саны.
  • Цифрлы экономика: Интернетті пайдаланатын халық пайызы; интернет-домендер атауларын тіркеу саны; мектептердегі ақпараттық технологиялар; қызметтерді көрсету үшін өңірлік және жергілікті билік органдарының АТ пайдалану дәрежесі; шаруалардың Интернетті және компьютерлерді пайдалану дәрежесі; халықтың және бизнестің кең жолақты телекоммуникацияларға қол жеткізуі.
  • Инновациялық мүмкіндіктер: жоғары технологиялфық салалардағы жұмыс орындарын саны, жұмыс жасайытндардың жалпы санында ғылыми қызметкерлер мен инженерлер үлесі, берілген патенттер, ҒЗТКЖ-ға инвестициялар саны, венчурлық капитал белсенділігі.

АҚШ-тың инновацияларды дамыту стратегиясына қатысты тәсілінің негізгі қорытындылары Қазақстандағы жоспарлау тәэірибесіне қатысты пайдалана алады:

  1.       Стратегия, ең алдымен, технологиялық өзгерістерді қолдауға, білім алуға және біліктілікті арттыруға бағытталған (бұрын жасалғандай кәсіпорын мен инфрақұрылымға капиталды тартудың орнына);
  2.       Еңбек өнімділігін арттырумен байланысты «сапалы» жұмыс орындарының өсуі (жұмыс орындарын арттыру бойынша жай тәсілдің орнына);
  3.       Төмен және орта технологиялық өндірістерді емес, зияткерлік өндіріс секторларын құру есебінен табыстардың өсуін арттыру;
  4.       Жеңілдіктерді ұсыну жаңа жұмыс орындарын құруды емес, инновацияларды құруды қолдайды. Компания қызметкерлерінің белгілі бір үлесінің жалақысы тиісінше деңгейден төмен болса, компанияның жеңілдік алуға құқығы жоқ;
  5.       Басты назар білікті және білімді кадрлар үлесіне бөлінеді, өйткені білім деңгейіне шығармашылық және кәсіпкерлік белсенділік тәуелді болады (жұмыс орнында оқыту жүйесі, жергілікті колледждерде кластерлік орамдарды құру, компаниялар тобына арналған корпоративті тренинг (шағын фирмалар үшін сапалы оқыту), басқа штаттар мен елдерден дарындыларды іздеу және жетілдіру);
  6.       Матермиалдық емес актив: инновациялық кластерлерге «шығармашылық тапты» тарту және ұстап қалу (мамандар арасында жылдам білім алмасу).

Жалпы, соңғы үш жылда АҚШ-тың Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі жайғасымдары жақсара түскенін атап кету керек: 2012 жылы – 7-орын, 2013 жылы – 5-орын, ал 2014 жылы АҚШ 3-орынды иеленді (1 – Швейцария, 2 – Сингапур).


Жарияланған: 29.09.2014 | 17:30

Жаңартылған: 29.09.2014 | 17:32

Белгі: АҚШ, Экономика

Категориялар: Халықаралық тәжірибе

Көрілді: 346

blog comments powered by Disqus

Другие материалы по теме

Белгі бойынша

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image

  • image